ӘлемБасты

Нидерландыда коронавирус вакцинасы бірінші кезекте қарт адамдарға салынады

Нидерландыда «AstraZeneca» вакцинасының бірінші топтамасы 60-65 жас аралығындағы тұрғындарға және қарттар үйінің қызметкерлеріне салынады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Британ-швед компаниясының «AstraZeneca» вакцинасының алғашқы тобы Нидерландыға бесінші ақпанда жетті. Алғашқы кезеңде медицина қызметкерлері мен елдің 60-65 жас аралығындағы тұрғындарына екпе салу жоспарланып отыр. Техникалық келеңсіздікке байланысты Нидерланды басқа да ЕО елдері тәрізді биыл бұл өндірушінің вакцинасын жоспарланған мөлшерден аз алады. Нидерландыға келісімшартта көрсетілген 4,5 млн-ның орнына 1,3 млн доза екпе жеткізіледі. «AstraZeneca» – Еуропа дәрілік заттар агенттігі мақұлдаған үшінші вакцина. Бұған дейін ЕО америкалық «Pfizer» және «Moderna» вакциналарына рұқсат берген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button