BusinessБасты

«ҚазАгро» мен «Бәйтерек» ұлттық холдингілерін біріктіру басталды

«ҚазАгро» мен «Бәйтерек» ұлттық холдингілерін біріктіру басталды, деп хабарлайды Atameken Business. Бұл туралы «ҚазАгро» компаниясының баспасөз қызметінің жетекшісі Дамир Аспан хабарлады.

Хабарлама бойынша, өзара ресми құжат алмасу процесі 26 ақпанға белгіленген. «Қазір холдингілер Үкіметке жеке-жеке өз ұсыныстары жасалған жол картасын тапсырған. Оған сәйкес, компаниялардың капитал портфелі, активтері мен пассивтері есептеліп бітуге тиіс», дейді Дамир Аспан.

«ҚазАгро» басшысы Ербол Қарашөкеев бұған дейін телеарнаға берген сұхбатында біріктірілген жаңа компания 2021 жылдың наурызынан бастап дербес жұмыс істей байстайды, әрі атауы «Бәйтерек» болып қалатынын айтқан еді. Еске салсақ, былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қос холдингінің тиімсіздігін ескеріп, шығынды азайту мақсатында екеуін ортақ акционердің қолына беруді тапсырған. Мәселен, «ҚазАгро»-ның өзінен мемлекетке келген шығын 2019 жылы 120 млрд теңгені құраған. Ал жиналған қарызы – 744 млрд теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button